ПАВЛОДАР: «Балдәурен» балалар лагерінде «Offline Quest» интерактивті ойыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Мичурино ауылында орналасқан «Балдәурен» балалар сауықтыру лагеріне барып, балаларға арналған «Гаджетсіз күн» ұранымен «Offline Quest» интерактивті квест-ойынын өткізді.

Іс-шараға 156 тәрбиеленуші қатысты. Олар 5 тақырыптық бекеттен өтті. Бағдарлама спорттық жаттығуларды, шатырлы қалашықтағы командалық тапсырмаларды және зияткерлік ойындарды қамтыды.

Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері балаларға түсінікті әрі интерактивті түрде қаржылық сауаттылық негіздері, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, кең таралған интернет-алаяқтық схемалары, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуға байланысты қауіп-қатерлер туралы айтып берді.

Квест қорытындысы бойынша үздік командалар мен ең белсенді қатысушылар түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Мерекелік шара жағымды тосынсыймен аяқталды — барлық бала пайдалы тәттілерге ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1275239?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version