_____2026 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.
_____Брифинг барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұруға және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастауға байланысты 124-бабының ережелері жеткізілді.
_____Іс-шара барысында зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтату және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастауға байланысты, сондай-ақ кедендік операцияларды жасау кезінде Кодекс ережелерін қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.
_____Брифинг қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп, Кодекс ережелерін қолданудың практикалық аспектілері түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1275234?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау