«Қауіпсіз үй» күшейтілген профилактикалық пысықтау іс-шарасы барысында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Батыр ауылының тұрғынының отбасына барып, олардың тұрмыс жағдайын зерделеді.
Тексеру барысында отбасының әлеуметтік жағдайы назарға алынып, қажеттілігі анықталды. Қиын жағдайға тап болған отбасыға азық-түлік себеттері табысталып, тиісті әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері отбасы мүшелерімен құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолжетімді мемлекеттік және әлеуметтік көмек түрлері туралы ақпарат берді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар азаматтардың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға, қиын өмірлік жағдайлардың алдын алуға және отбасыларға қажетті қолдау көрсетуге бағытталған.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясындағы жұмыстар жалғасуда.
https://www.instagram.com/reel/DcGBdPIqZty/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1275224?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау