«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қалалық «TazaLike» шарасына белсене қатысып, қолдау білдірді.
Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының жағалауында өткен сенбілікте басқарма мамандары қоқыс жинау, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жағалау бойындағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар жиналып, аумақ тәртіпке келтірілді. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және туған өлкенің тазалығын сақтауға бағытталған. Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары экологиялық науқанға тұрақты түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді.
«Таза Қазақстан» науқаны аясында жүргізілетін мұндай іс-шаралар халық арасында экологиялық сананы көтеруге және ортақ жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1275064?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау