2026 жылғы 17 тамыз күні Қарабөгет ауылдық округі әкімшілігінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң және тәртіп құндылығы» атты ақпараттық акция ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары арасында заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар өз ой-пікірлерін ашық білдіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін әр азаматтың заң талаптарын құрметтеуі маңызды екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/1275548?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау