Түркістан облысында полицейлер тарихи-рухани нысан аумағын абаттандыруға атсалысты.
Әулиелі мекеннің тазалығы мен көркіне үлес қосу – үлкен жауапкершілік. Осыны назарға алған Түркістан облысының полицейлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында Созақ ауданындағы Ысқақ баба кесенесінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл жолы тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін атқарып қана қоймай, ел үшін қадірлі саналатын қасиетті жерде игі іске атсалысты. Полицейлер кесене аумағындағы шөптерді шауып, шашылған қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Нәтижесінде 20-дан астам қап шөп қалдығы арнайы орынға шығарылды.
Ысқақ баба кесенесі – халық қастер тұтатын, туристер жиі келетін маңызды тарихи-мәдени орындардың бірі. Сондықтан оның аумағын таза әрі көрікті ұстау – ортақ міндет. Полицейлердің бұл бастамасы қасиетті мекенге келушілерге қолайлы жағдай қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Тәртіп сақшылары туған жердің тазалығын сақтап, киелі орындардың қадірін арттыруға барша тұрғынды үлес қосуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1275549?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау