Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдау тиісті мемлекеттік орган басшысы бекіткен кестеге сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі. 

Осы талаптарды іске асыру аясында Жамбыл облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали 17 тамыз күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, Меркі ауданынан келген азамат қорғаншылық және қамқоршылық мәселесіне қатысты өтініш білдірді. Екінші азамат өмірлік қиын жағдайға байланысты балаларына көрсетілетін әлеуметтік көмек, қосымша жәрдемақылар және қолдаудың өзге де түрлері жөнінде сауал қойды.

Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндіру және консультациялық көмек көрсетілді.

 Көтерілген мәселелерді шешу мақсатында тиісті өтініштер құзырлы жергілікті атқарушы органдарға жолданып, олардың қаралуы бойынша заңнамада көзделген тиісті шаралар қабылданатын болады.

Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін тікелей тыңдап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды жұмыс тетіктерінің бірі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/childrenrights-zhambyl/press/news/details/1275724?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version