Департаментте медициналық-әлеуметтік сараптамаға электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы қорытындылары шығарылды
2026 жылғы 12 маусымнан бастап Алматыда пилоттық жоба аясында медициналық-әлеуметтік сараптамаға электрондық кезек енгізілді.
Жобаның негізгі мақсаты – азаматтар үшін мемлекеттік қызметті алуды барынша ыңғайлы ету, күту уақытын қысқарту және қабылдауды азамат белгіленген уақытта келіп, кезек күтпей медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтетіндей етіп ұйымдастыру.
Бүгінде пилоттық жобаның оң нәтижелері туралы айтуға болады. 12 маусымнан бастап медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша мемлекеттік қызмет 1 851 адамға көрсетілді, оның ішінде 1 667 адам немесе 90%-ы электрондық кезекті пайдаланды. Бұл жазылудың жаңа форматының азаматтар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Қызмет алушылардың арасында 18 жасқа дейінгі 290 бала және 18 жастан асқан 1 377 азамат бар.
Электрондық кезектің басты артықшылықтарының бірі – ұзақ уақыт күтудің қажет болмауы. Азамат кезекке жазылғаннан кейін қабылдаудың күні мен уақытын алдын ала біледі.
МӘС-тен өтуге 30 минут уақыт бөлінеді және азамат белгіленген уақытқа сәйкес куәландырудан өтеді. Электрондық кезек қабылдауды тиімді ұйымдастыруға, келушілерді біркелкі бөлуге және азаматтар мен мамандар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы – қызмет алушылар жазылудың жаңа форматына оң баға беріп, электрондық кезектің ыңғайлылығын, өз келу уақытын алдын ала жоспарлау мүмкіндігін және ең бастысы – кезек күтудің қажет еместігін атап өтуде.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету форматын одан әрі жетілдіруді жалғастырып, әр азаматтың уақытын, жайлылығы мен қолайлылығын басты назарда ұстайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1275725?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау