15–20 тамыз аралығында облыс аумағында өтіп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Жуалы аудандық полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, «Тау самалы» балалар сауықтыру лагерінде «Бақытты балалық шақ» атты эстафета ұйымдастырды. Іс-шараға білім беру саласының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Эстафета барысында балалар белсенділік танытып, түрлі спорттық және көңілді сайыстарға қатысты. Шараның басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1276183?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау