18.08.2026 жылы кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясын облысымыздың прокурорлары тегін құқықтық көмек көрсету үшін ашық алаңдарда тағы да өткізді.
Келесі қабылдау адамдардың күнделікті өмірінде кездесетін мәселелердің қаншалықты әртүрлі екенін көрсетті.
Сонымен, Петропавл қаласының тұрғындарының бірі автокөлікті сатып алғаннан кейін көлік құжаттарын ресімдеу кезінде мәселеге тап болып, шектеудің бар екендігі белгілі болды. Кеңес барысында прокурорлар шектеудің себебін анықтау тәртібін, қажетті өтініштер мен өз құқықтарын қорғау тәсілдерін түсіндірді.
Автокөлік сатып алмас бұрын оның техникалық жағдайын ғана емес, сонымен қатар заңды «тарихын» тексеру маңызды.
М.Жұмабаев ауданының прокурорларына көршісінің объективі оның ауласының аумағына қарай бағытталған бейнебақылау камерасын орнату заңдылығы туралы сұрақпен өтініш түскен. Прокурорлар өз құқықтарын қорғаудың заңнамалық әдістерін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жеке өмірге араласу арасындағы айырмашылықты түсіндірді.
Айыртау ауданының тұрғыны мессенджерлердің бірінде оның келісімінсіз жеке деп санайтын мәліметтер таратылғанын айтты. Қабылдау барысында оған дербес деректермен жұмыс істеудің негізгі ережелері және бұзылған құқықтарды қорғаудың ықтимал жолдары түсіндірілді.
Қызылжар ауданы прокуратурасының қызметкерлеріне хабарласқан жас жігіт маңызды құжатын жоғалтқанын, оны бөгде адамдар пайдалануы мүмкін деп алаңдайтынын білдірген.
Азаматқа қажетті әрекеттердің реттілігі, құжатты қалпына келтіру тәртібі және сақтық шаралары түсіндірілді.
«Құқықтық дәріхананың» міндеті – құқықтық көмекті қолжетімді және барынша түсінікті ету.
Акцияда барлығы 135 өтініш беруші қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы акция барысында 2500-ден астам азаматты қабылдады.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды әр сейсенбі күні Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың барлық аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мәдениет үйлері, аудандық ауруханалар және өзге де қоғамдық орындарда) өткізілетін «Құқықтық дәріхана» акциясына қатысып, білікті құқықтық көмек алуға шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1276182?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау