Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан басшысы Ақжар ауылдық округіне барып, бірқатар сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты. Аралау барысында учаскелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, қажетті құрал-жабдықтардың қамтамасыз етілуі, дауыс беруге қолайлы жағдай жасау және сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты жұмыстардың орындалу барысы қаралды.
 
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев сайлау комиссияларының дайындық деңгейі, сайлаушылар тізімдерінің нақтылығы және дауыс беру рәсімдерінің белгіленген тәртіппен өткізілуі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
 
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1276200?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version