2026 жылғы 19 тамызда Ұлытау облысының Әділет департаменті «Заң және Тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында адвокаттармен, нотариустармен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, Жезқазған қаласындағы «Жезқазған қаласының емханасы» КМК қызметкерлеріне «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Кездесу барысында азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) алуға кімдердің құқығы бар екендігі туралы, сондай-ақ AdiletGov мобильдік қосымшасындағы «Тараптар кабинеті» сервисі туралы түсіндірмелер берілді. Бұдан бөлек, алаяқтық әрекеттердің, оның ішінде интернет және телефон алаяқтығының алдын алу, олардың негізгі белгілері мен олардан қорғану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында Ұлытау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары азаматтарды жеке қабылдап, олардың сауалдары бойынша түсіндірмелер беріп, қажетті құқықтық көмек көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1276850?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау