Тамыз кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановтың қатысуымен педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Биыл алғаш рет іс-шараға онлайн форматта 5 мыңнан астам, ал офлайн форматта 60-қа жуық қатысушы жиналды.

Тамыз кеңесінің  басты тақырыбы – жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары, адами капиталды және білім беруді дамыту. Қатысушылар «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын енгізу, «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын іске асыру, білім сапасын арттыру, цифрландыру және жасанды интеллектіні пайдалану мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Аталған тамыз кеңесіне Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов қатысты.

Кеңес барысында педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің марапатымен  марапатталды,  олимпиадалық бағыттағы үздік мектептерге сертификат табысталды, мектепке дейінгі және техникалық білім беру саласындағы облыстық байқаулардың жеңімпаздары сертификаттармен марапатталды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1276849?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version