Ақтөбе облысында абаттандыру ережесін бұзғандардың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ақтөбе облысында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

     Қала көшелері мен аулаларын таза ұстауға тырысып жүрген тұрғындардың арасында, өкінішке қарай, қоқысты кез келген жерге тастап кететін азаматтар да кездеседі.

     Учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру талаптарын бұзу фактілері анықталуда.

     Жыл басынан бері полиция қызметкерлері абаттандыру саласында 600-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады. Әрбір факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

     Полицейлер тұрғындарға қарапайым ережені еске салады: қоқыс салынған пакет өздігінен қоқыс жәшігіне бармайды, ал бөтелке де өздңгімен жоғалып кетпейді. Сондықтан қоқысты арнайы белгіленген орынға жеткізу — әр адамның міндеті.

     Құқық қорғау қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыруда.

     Әрине, қаланың тазалығын тек полиция қамтамасыз ете алмайды. Біреу қоқыс тастайды, енді біреу оны жинайды. Сондықтан ең дұрысы — қоқысты алғашқыда-ақ белгіленген жерге тастау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1276837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version