Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Ақкөл ауылындағы №13 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы Талас аудандық №6 Әлеуметтік арнаулы қызметтер ұсыну орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында бөлімшенің тактикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіру және өртті жедел сөндіру бойынша практикалық жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар, құтқарушылар нысанның ерекшеліктерімен танысып, оның аумағы мен қауіпсіздік талаптарын зерделеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау