Бүгін Ақтөбе қаласындағы №81 жалпы білім беретін мектепте Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында ата-аналар мен оқушылар жаңа білім беру ортасымен танысып, балалардың алдағы оқу жылында қандай жағдайда білім алатынын көрді.
Қонақтар оқу кабинеттерін, зертханаларды, спорт және акт залдарын, шеберханаларды және мектептің басқа да заманауи кеңістіктерін аралады. Ерекше назар дәстүрлі оқытумен қатар практикалық және жобалық жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтарға аударылды.
№81 мектеп Алтын Орда шағын ауданында орналасқан және 900 оқушыға арналған.
Мектеп 2025 жылы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Заманауи инфрақұрылым балаларға білім алуға, шығармашылықпен айналысуға, спортпен шұғылдануға және жан-жақты дамуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1276989?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау