Бүгін Байғанин ауданында Халықаралық жастар күніне орай, жастарды жұмыспен қамтуға және еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстыруға бағытталған «Жастар. Жігер. Болашақ» атты шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аталған шараға Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Адаев Нұржан Адайұлы қатысып, жәрмеңкенің өту барысымен танысты.
🤝 Жәрмеңке барысында жұмыс іздеуші азаматтарға аудан аумағындағы бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берілді.
📊 ЖӘРМЕҢКЕ НӘТИЖЕСІ:
👥 76 жұмыс іздеуші және жұмыссыз азамат қатысты;
✅ 24 азамат жұмысқа орналасты;
🎓 оның ішінде 9 азамат «Жастар практикасы» жобасына жолданды.
Жәрмеңке жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, жастардың еңбек нарығына белсенді араласуына және тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсетті.
✨ Жұмыс іздесеңіз – мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1276496?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау