Астана қаласының полициясына Түркия азаматы жүгініп, құны шамамен 300 АҚШ долларын құрайтын Ray-Ban күннен қорғайтын көзілдірігін жоғалтып алғанын хабарлады.
Ер адам көзілдірігінің жоғалғанын қонақүйде жүрген кезде байқап, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.
Тексеру барысында спорттық іс-шараға келер алдында көзілдіріктің ер адамның өзінде болғаны анықталды. Кейін ол ойындарды трибунадан тамашалау кезінде көзілдірігін қалдырып кеткен. Ал ғимараттан шығып бара жатқанда оның жоғалғанын байқамаған.
Шетелдік азамат Астана полициясының қызметкерлеріне жедел әрекет еткені, мұқият әрі ілтипатты қарым-қатынасы және көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Елорда полициясы азаматтардың уақтылы жүгінуі оқиғаның мән-жайын тезірек анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жеке заттар жоғалған жағдайда көмек сұрап, полицияға жүгінуді кейінге қалдырмау және болған жағдайдың мүмкіндігінше нақты мән-жайларын қызметкерлерге хабарлау ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1276358?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау