SOS батырмасы: жоғалған телефон иесіне қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында 40 арнайы SOS батырмасы орнатылған. Бұл батырмалар арқылы тұрғындар шұғыл жағдайда бірден полицияның көмегіне жүгіне алады.
Солардың бірі Түркістан көшесінде орналасқан SOS батырмасы арқылы тіркелді. Қала тұрғыны Ботаникалық бақтан «Samsung» маркалы ұялы телефонды тауып алғанын айтып, полицияға хабарласқан.
Ақпарат түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, табылған телефонды қабылдап алды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде құрылғының иесі анықталып, ұялы телефон оған қайтарылды.
Жыл басынан бері қала аумағында орналасқан SOS батырмалары арқылы 19 хабарлама келіп түскен.
Полиция азаматтарды жоғалған немесе табылған заттарға қатысты ақпаратты жасырмай, тиісті қызметтерге хабарлауға шақырады. SOS батырмалары осындай жағдайларда полициямен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1276357?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version