Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін растау маңызды.
Егер еңбек кітапшасында жұмысқа қабылдану немесе жұмыстан босатылу күндерінде, аты-жөнінде, ұйымның атауында және басқа да мәліметтерде қателер болса, бұл еңбек өтілін растау мүмкін емес дегенді білдірмейді.
🔹 Не істеу керек?
Еңбек кітапшасымен бірге еңбек өтілін растайтын құжаттарды ұсыну қажет:
* архивтік анықтамалар;
* жұмыс берушінің анықтамасы;
* жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтар;
* еңбек шарттары;
* еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар.
Егер ұйым таратылған болса, оның құқықтық мирасқорына немесе тиісті архивке жүгінуге болады.
⚠️ Еңбек кітапшасындағы жазбаларды өз бетіңізше түзетпеңіз!
✅ Зейнетақы тағайындау кезінде уақыт жоғалтпау үшін еңбек кітапшаңызды алдын ала тексеріп, қателер анықталған жағдайда еңбек өтілін растайтын құжаттарды дайындаған жөн.
Есте сақтаңыз: еңбек кітапшасындағы қате — зейнетақы тағайындауға жүгінуге кедергі емес. Еңбек өтілі басқа да растайтын құжаттармен дәлелденуі мүмкін.
📍 Қосымша түсіндірме алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалына немесе Ұлытау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментіне жүгінуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1276805?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау