Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында “Өмірге құштарлықты ояту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Іс-шараны мекеме психологы ұйымдастырып, “Жігер” қоғамдық қорының психологы Аяжан Тулеубай қатысты. Тренингтің мақсаты – жазасын өтеушілердің өмірге деген қызығушылығын арттыру, болашаққа сенімін нығайту, жағымды ойлау дағдыларын қалыптастыру және қиындықтарды дұрыс қабылдауға бағыт беру. Шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, өз ойларымен бөлісті. Психолог Аяжан Төлеубай әр адамның өмірін өзгертуге мүмкіндігі бар екенін айтып, болашаққа нақты мақсат қойып, алға ұмтылудың маңызын түсіндірді. Қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің өздеріне моральдық қолдау көрсетіп, болашаққа оң көзқараспен қарауға ықпал ететінін атап өтті. Осындай психологиялық-тәрбиелік шаралар жазасын өтеушілердің эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастырып, өмірге деген құштарлығын арттыруға және жаңа бастамаға қадам басуына ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/1276777?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау