Түркістан облысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет атқаруы мен демалысына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасуда.
ТСауран ауданының №41 өрт сөндіру бөлімінде аумақты абаттандырудың кезекті кезеңі жүзеге асырылды. Жеке құрам үшін арнайы демалыс аймағы жасалды.
Бөлім аумағында барбекю аймағы және қазанға арналған пеші бар беседка салынды. Бұл орын қызметкерлердің демалуына, өзара қарым-қатынас жасауына және бірлескен іс-шаралар өткізуіне арналған.
Жеке құрамға қолайлы жағдай жасау қызметкерлердің бос уақытында толыққанды демалуына және ұжымдық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Бөлім аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1276778?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау