«Сальмонеллездің және жедел ішек инфекцияларының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 тамызда Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің» Көкшетау электрмен жабдықтау дистанциясы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бурабай Курорты» рельс дәнекерлеу кәсіпорны қызметкерлері арасында «Сальмонеллез бен жедел ішек инфекцияларының алдын алу», сондай-ақ «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында «Қызметкерлердің психологиялық денсаулығы: күйзеліс пен кәсіби күйіп кетудің алдын алу» және «Жұмыс орнының қауіпсіздігі және эргономикасы: денсаулыққа қауіп-қатерді азайту» тақырыптарында семинарлар өткізді. Семинар барысында жедел ішек инфекцияларының эпидемиологиясы мен этиологиясы, олардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар қызметкерлердің психологиялық денсаулығын сақтау, күйзеліс пен кәсіби күйіп кетудің себептері, олардың алдын алу жолдары және қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан қалпына келуіне бағытталған шаралар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен эргономиканың маңыздылығы, еңбек жағдайларына байланысты денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді төмендету жолдары түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1276845?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version