«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында емхана қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме берілді Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың және мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде «Ашық есік» акцияларын өткізіп келеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында емхана қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме берілді
Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың және мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде «Ашық есік» акцияларын өткізіп келеді.
Осы орайда, «Жезқазған қаласының емханасы» КМК жұмысшылары арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған кездесу өтті. Іс-шара барысында Әділет департаментінің қызметкерлері мен Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласын бақылау бөлімінің басшысы А.К. Нургалиева емхана ұжымына АХАТ қызметі, азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі мен заңнамалық талаптар бойынша кең көлемде консультация беріп, қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап қайтарды.
⚖️ Медицина қызметкерлеріне дер кезінде сапалы құқықтық көмек пен кеңес беру — құқықтық мемлекет қалыптастырудың маңызды қадамы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1276844?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version