Закон РК О государственной службе

Жарияланды:

Автор:

категорияда

3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері 1. Осы Заңның мақсаты мемлекеттік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. 2. Осы Заңның міндеттері: 1) мемлекеттік қызметті тағайындауды, оның ерекшеліктерін және мемлекеттік қызметті атқару негіздерін айқындау; 2) мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де адамдардың мәртебесін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін, құқықтық, әлеуметтік және өзге де кепілдіктерін реттеу; 3) мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтық негіздерін белгілеу; 4) Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұйымдастырушылық негіздерін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының бұзылу себептерінің мониторингі мен талдауын айқындау

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1276549?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version