ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ ЕЛ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 тамыз – Қазақстан Республикасының Спорт күні. Осы айтулы күнге орай аудан әкімі Азат Оралбаев Ордабасы ауданының спорт саласында биік жетістіктерге қол жеткізіп жүрген спортшылар мен білікті бапкерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.
Кездесуде аудан басшысы жас спортшылардың жеңісі – ауданның ғана емес, ел абыройын асқақтататын маңызды жетістік екенін атап өтті. Бүгінде Ордабасы спортшылары аудандық және облыстық додалармен шектелмей, республикалық және халықаралық жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Олардың қатарында Азия чемпионаттары мен кубоктерінде жүлдеге іліккен, халықаралық турнирлерде топ жарған, Қазақстан чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар бар.
Атап айтқанда, Жандарбай Кәусар дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленсе, Тұрсынбек Али Азия кубогінің қола жүлдегері атанды. Сүлеймен Айсәуле «Shymkent Open» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанып, дзюдо, самбо және қазақ күресінен Қазақстан чемпионаттарының жүлдесін иеленді. Көшкінбай Ұлжалғас Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде топ жарды. Ордабек Еркебұлан Бішкекте өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанып, Бакуде ұйымдастырылған «Alibeyli Cup» халықаралық турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Сондай-ақ Даут Айсұлтан дзюдодан халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанса, Тұрсынбай Нұрдаулет пен Асембек Нұржігіт қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Волейболшы Сәрсенбек Рауан спорт шеберлігіне үміткер атанды.
Шахматтан 2026 жылғы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Байділә Аружан мен тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионы Болысова Медина да аудан спортының мерейін үстем етті.
Аудан басшысы Спорт күнімен құттықтап, олардың әрбір жетістігі кейінгі буынға үлгі екенін атап өтті.
«Сіздердің әрбір жеңістеріңіз – Ордабасы ауданының ортақ мақтанышы. Жетістіктеріңізбен жастарды салауатты өмір салтына, еңбекқорлыққа және биік мақсаттарға жетелейсіздер», – деді Азат Оралбаев.
Жиын барысында жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылар мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.
Ордабасы спортшыларының жеңісті жолы жалғасып, ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды халықаралық ареналарда биікте желбірете берсін!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1276235?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version