БАЛАЛАР АЛАҢЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАУЫ ТИІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️ Ордабасы ауданында елді мекендердегі балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында жаңа ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілуде. Алайда пайдалануға берілген нысандарды күтіп ұстау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және уақытылы жөндеу мәселесінде кемшіліктер бар.
✔️ Осыған байланысты аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Темірлан елді мекеніндегі бірнеше балалар ойын алаңының жағдайын арнайы барып көрді.
✔️ Аралау барысында кейбір ойын алаңдарының тозығы жеткені, жекелеген ойын элементтерінің бүлінгені және нысандарды күтіп ұстау жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмейтіні анықталды.
“Алаңдар пайдалануға берілді. Алаң – жай ғана орнатылған құрылғы емес, балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты нысан. Сондықтан оның тазалығы, бүтіндігі мен техникалық жағдайы тұрақты бақылауда болуы тиіс”-деді аудан әкімі.
✔️ Аудан әкімінің аралауына әкім орынбасары, ауыл әкімі және жауапты мамандар қатысып, нысанның жағдайын зерделеді. Балалар алаңдарын күтіп ұстау тәртібі мен мерзімін қайта қарап, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою тапсырылды.
✔️ Сонымен қатар пайдалануға берілген мүлікті әдейі сындыру немесе бүлдіру мәселесіне де баса назар аударылды. Мемлекет қаржысына орнатылған нысанды сақтау – ортақ жауапкершілік. Бүлінген дүниені қайта қалпына келтірумен қатар, оған жауапты тұлғаларды анықтап, тиісті шара қабылдау қажеттігі айтылды.
Балалар үшін салынған нысанды пайдалануға беру – жұмыстың соңы емес. Оның қауіпсіздігін сақтап, ұзақ уақыт жарамды күйде ұстау – жауапты тараптардың басты міндеті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1277002?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version