ҚАРАСПАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылдық округіне қарасты Берген, Көлтоған және Төреарық ауылдарын аралап, ондағы инфрақұрылымдық мәселелердің жай-күйін зерделеді.
✔️Аралау барысында ауылдарды электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударылды. Атап айтқанда, ауа райы қолайсыз болған, әсіресе желді күндері электр қуатының өшуіне байланысты тұрғындардан өтініштер түсетіні айтылды.
✔️Үш ауылды жалғап тұрған электр желісінің қуаттылығы мен техникалық жағдайын зерделеу, желідегі ақаулардың себептерін анықтап, оларды жүйелі түрде шешу қажеттігі сөз болды. Аудан әкімі тиісті сала мамандары мен РЭС басшысына электр желілерінің жағдайын толық зерделеп, қуаттылықты арттыру және ақауларды жоюдың нақты жолдарын қарастыруды тапсырды.
✔️Көлтоған ауылында трансформатор қуаттылығын арттыру, тұрғын үйлерге электр желісін тарту мәселелері де қаралды. Сонымен қатар электр желілерінің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмыс істеуіне қатысты бірқатар мәселе пысықталды.
✔️Бұдан бөлек, Берген ауылындағы АТК каналы бойындағы көпірдің жағдайы қаралып, оны жөндеу және қалпына келтіру мәселесі талқыланды. Облыстық маңызы бар автомобиль жолы бойындағы жаяу жүргіншілер жолының жағдайы мен қауіпсіздігіне де назар аударылды.
✔️Аудан әкімі электрмен қамту мәселесін жүйелі түрде ретке келтіру қажеттігін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әрбір мәселе бойынша шешу жолдарын айқындап, жұмыстың нәтижесін қамтамасыз ету тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1277001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version