Дөңгелек үстел!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

19.08.2026 жылы Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалы, Алматы облысының Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының және Қарасай ауданы Прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті және проблемалық мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында атқарушылық құжаттарды орындау кезінде туындайтын мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке сот орындаушылары арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті аспектілері қаралды.

Атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыруға, заңнама талаптарының сақталуына және процеске қатысушылардың өзара іс-қимылын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар проблемалық мәселелерді шешуге және сот актілері мен өзге де атқарушылық құжаттардың орындалу тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1277385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version