Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына
2026 жылдың 26 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де округ әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледі.
Күн тәртібінде:
- Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің 2025-2026 оқу жылындағы білім сапасы туралы есебі.
- Сарыөзек ауылдық округ әкімінің мемлекеттік қызметтер бойынша және атқарған жұмыстары туралы есебі.
- Жергілікті полиция қызметінің аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен қылмыстың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары туралы есебі.
- Кербұлақ ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Күреңбел су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Сарыөзек ауылы бойынша су құбырларының жұмысы туралы есебі.
Тіркелу: Жергілікті уақыт бойынша сағат 09 : 30 да
Басталуы: Жергілікті уақыт бойынша сағат 10: 00 де
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kerbulak/press/news/details/1277446?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау