Оралда Спорт күні дүркіреп тойланды! 🏆

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оралда Спорт күніне орай «Спорт – рух, бірлік, жеңіс» атты ауқымды мерекелік шара өтті.

Мерекелік кеште спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар мен сала қызметкерлері ұлықталып, еңбегі еленген үздіктерге марапаттар табысталды. 🥇

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында спорттың 121 түрі дамып, мыңдаған тұрғын дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Ал спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап келеді. 💪

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кеш барысында спорт саласына еселі еңбек сіңірген мамандар марапатталып, олардың жеңіске қосқан үлесі ерекше аталды. 🏅

🔹Мерекелік бағдарлама биылғы Жасанды интеллект жылымен үндесіп, спорт пен заманауи технологияның үйлесімін көрсетті. Жаңа технологиялар мен заманауи визуалды шешімдер кештің мазмұнын аша түсті.

🔹Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – голографиялық-лазерлік шоу болды. Жарық пен цифрлық эффектілер көрерменге ерекше әсер сыйлап, спорттың қуаты мен жеңіс рухын заманауи форматта жеткізді.

🔹Сонымен қатар мерекелік кешке республикалық деңгейдегі танымал әншілер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән мен әсем әуенге толы концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Барша спорт саласының мамандарын Спорт күнімен құттықтаймыз! 🇰🇿

Жайық өңірінің спорттық даңқы асқақтап, чемпиондар қатары көбейе берсін! 🏆🔥

#bqo_sport

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1277445?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version