📍Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында халықаралық байланыстарды нығайту жұмыстары жалғасуда.
📍Осы мақсатта Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов бастаған ауданның ауыл шаруашылығы саласының өкілдері Қытай Халық Республикасының Қорғас қаласында өткен «Жасыл агротехнология» форумына қатысты.
📍17-19 тамыз күндері ұйымдастырылған халықаралық форум Қытай Халық Республикасының Агро-техникалық университеті мен Қорғас қаласы JiangSu өлкесі Сауда палатасының ұйымдастыруымен өтті. Жиын барысында ауыл шаруашылығын заманауи технологиялар негізінде дамыту, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелері кеңінен талқыланды.
📍Сапардың негізгі мақсаты – Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға инвесторлар тарту, озық технологиялар мен жаңа өндірістік тәсілдерді зерделеу және Қытай тарапымен өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамыту.
📍Іссапар аясында аудан өкілдері қытайлық кәсіпкерлермен және инвестициялық компаниялармен кездесіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктері мен инвестициялық әлеуетін таныстырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тек өндірумен шектелмей, оны терең өңдеп, дайын өнім шығаратын кәсіпорындар құруға басымдық берілетіні айтылды.
📍Сонымен қатар, сапар барысында тараптар арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында ынтымақтастық орнатуға арналған меморандумға қол қою мәселесі қарастырылды. Бұл – ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, өңірге жаңа инвестициялық жобаларды тартуға жол ашатын маңызды қадам.
📍Ордабасы ауданы үшін Қытаймен орнатылған байланыс – тәжірибе алмасумен ғана шектелмей, нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды әріптестік. Алдағы уақытта келіссөздер нәтижесін нақты жобаларға айналдырып, аудан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1277743?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау