🔷 Жарлыөзек ауылдық округі Бозтоған ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алдағы Құрылтай сайлау күніне орай игі бастама аясында бой көтерген балалар ойын алаңы ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысан ауыл бүлдіршіндерінің бос уақытын тиімді өткізуіне, таза ауада ойнап, белсенді қимылдауына қолайлы жағдай жасайды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, балалар және округтің белсенді азаматтары қатысты. Салтанатты жиында округ әкімі, ауыл ақсақалы және аудандық білім бөлімінің басшысы сөз сөйлеп, жаңа ойын алаңының ауыл балалары үшін маңызы зор екенін атап өтті. Олар ауыл тұрғындарын игі бастамамен құттықтап, балаларға жасалып отырған қамқорлықтың маңыздылығына тоқталды. Жаңа ойын алаңы ауылдың ажарын айшықтап, балалардың қуанышты күлкісіне бөленетін көрікті орынға айналары сөзсіз. Шара барысында бүлдіршіндер ойын алаңын қызыға тамашалап, жаңа алаңда алғашқы ойындарын бастады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1278164?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау