Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен дайындық және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.Жеке құрамға сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері, өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз эвакуациялау тәртібі, сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі кезекшілік пен жедел әрекет ету тәртібі түсіндірілді.Сонымен қатар, сайлау учаскелерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне назар аударылып, өрт сөндіру техникасы мен қажетті құралдардың әзірлігі пысықталды.Іс-шара барысында жеке құрамға кез келген төтенше жағдай кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою қажеттігі жеткізілді.Маңғыстау облысы ТЖД сайлау кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды жалғастырады.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1278163?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version