Ақтау қаласында жолдарды күтіп-ұстау шартына сәйкес мердігер мекеме тарапынан күнделікті жүйелі түрде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, орталық автомобиль жолдарын тазалау, қоғамдық аялдамаларды жуып, ретке келтіру, жол белгілерін жаңарту және жол таңбаларын салу сынды кешенді жұмыстар атқарылуда.
Осы бағыттағы жұмыстар бекітілген күнделікті кестеге сәйкес тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1277779?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау