Елімізде тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтетін Спорт күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов өңірдің үздік спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесті.
Салтанатты шара барысында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен олардың бапкерлеріне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Сонымен қатар, спорт саласындағы маңызды бастамаларды ақпараттық тұрғыда қолдап, бұқаралық дене шынықтыруды насихаттауға үлес қосқан мамандар басқарма басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды. Еңбегі еленгендер қатарында Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері де бар.
Жиында спортшылар мен жаттықтырушылардың өңір спортын дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды. Олардың республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктері өсіп келе жатқан жас буынға үлгі болып, жаңа жеңістерге жол ашатыны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1277710?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау