Ұлытау облысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соңғы уақытта “банктен қоңырау шалды”, “шот бұғатталды” немесе “инвестициядан табыс табасыз” деген сылтаумен қарапайым халықты тақырға отырғызып кететін интернет-алаяқтар жиілеп кетті. Басқа біреудің жиған-тергенін арам жолмен қалтаға басатындар күн санап қулықтың жаңа түрін ойлап табуда. Осыған орай, Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мен учаскелік инспекторлар тұрғындарды алаяқтардан қорғау мақсатында пәтер-пәтерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары әрбір тұрғынмен жеке жүздесіп, киберқылмыскерлердің ең жиі қолданатын арбау әдістерін ескертті. Алаяқтардың “құрығына” түспеудің 4 басты ережесі: — Құпия кодты ешкімге айтпаңыз: Банк немесе мемлекеттік мекеме қызметкерлері телефон арқылы СМС-код, PIN-код немесе CVV-парольдерді ешқашан сұрамайды. — Үрейге бой алдырмаңыз: “Жақыныңыз апатқа ұшырады” немесе “есебіңізден ақша ұрланып жатыр” деген қоңырау түссе, бірден тұтқаны тастап, туысыңызға немесе банкке өзіңіз хабарласыңыз. — Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз: Мессенджерлерде келетін “тегін ұтыс”, “арзан тауар” немесе “мемлекеттік жәрдемақы” туралы сілтемелерді ашпаңыз және жеке деректеріңізді енгізбеңіз. — Белгісіз шотқа ақша аудармаңыз: Алдын ала төлем талап ететін немесе үлкен пайыздар уәде ететін “инвестициялық” жобаларға сенбеңіз. Тәртіп сақшылары әсіресе жасы үлкен қарияларға ерекше көңіл бөлуде, себебі олар алаяқтардың басты нысанасына жиі айналады. Полиция өкілдері әрбір азаматты сергек болуға және көршілері мен туыстарына да осы сақтық шараларын ескертіп отыруға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1277728?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version