2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың сайлау құқығын толыққанды жүзеге асыруы үшін Түркістан облысында қажетті жағдайлар жасалуда.
Атап айтсақ, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пандустар, кіреберістерде және ғимарат ішінде тактильді бағыттағыштар қарастырылған. Сонымен қатар, облыстағы 824 елді мекенде сайлау күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды көлікпен қамту үшін 170 автокөлік бөлінді.
Оның ішінде:
Дауыс беру кезінде азаматтарға қолдау көрсету үшін 209 сурдоаудармашы, жүріп-тұруы қиын I топтағы мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсететін 770 жеке көмекші және 950 волонтер жұмылдырылады.
Сайлау учаскелері арнайы қажеттіліктері бар азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бейімделген форматтағы мониторы бар компьютерлермен, құлаққаптармен, Брайль қарпімен орындалған ақпараттық материалдармен, қосымша жарықтандыру шамдарымен, үлкейткіш құралдармен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Айта кетейік, қазір Түркістан облысында 103 543 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 18 жастан асқан, сайлау құқығына ие 87 946 адам бар. Ал дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін сайлаушылар саны – 14 873 азамат.
Олардың қатарында:
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1278339?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау