Атырау облыстық перинаталдық орталығында жүзге жуық ана дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 23 тамызда елімізде Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Атырау облыстық перинаталдық орталығында орналасқан №22 жабық сайлау учаскесінде медициналық мекемеде жатқан аналар да өз таңдауын жасады.

Таңғы сағат 08:00-де сайлау учаскесі жұмысын бастады.
№22 сайлау комиссиясының төрайымы Айнұр Жұмағалиеваның айтуынша, перинаталдық орталықта босануға дайындалып жатқан және ем қабылдап жатқан аналардың дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын әйелдер үшін жылжымалы сайлау жәшігі ұйымдастырылды. Арнайы жәшік жансақтау және босану бөлімдеріне жеткізіліп, пациенттерге өз таңдауын жасауға мүмкіндік берілді.

№22 сайлау учаскесінде барлығы 100 ана дауыс берді. Солардың бірі — Исатай ауданынан келген көпбалалы ана Перизат Сапаева. Ол перинаталдық орталықта бесінші сәбиін дүниеге әкелген.

«Перинаталдық орталықта алғаш рет дауыс беріп отырмын. Еліміздің болашағы үшін сайлауға қатысуға мүмкіндік жасап қойған перинаталдық орталық ұжымына алғысымды білдіремін. Бесінші бөпемді босанып, орталықта жатқаныма алтыншы күн болды. Бүгін болашағым үшін дауыс бердім», — деді Перизат Сапаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278490?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version