Атырауда алғашқы тұрғынға сый берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырауда бүгін маңызды күн. №241 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Айша Шакмановаға арнайы сыйлық табысталды. Ол таңсәріден учаскеге келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

– Әр сайлауға алғашқылардың бірі болып келуге тырысамын. Бұл мен үшін маңызды. Өйткені бүгінгі таңдауым – балаларымның, өзімнің және елімнің болашағы үшін маңызды, – дейді Айша Шакманова.

Алғашқы болып дауыс берген тұрғынға сыйлық табыстау – азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған игі бастама. Бүгін Атырау тұрғындары да өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278458?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version