Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Осы маңызды саяси науқанға Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов та қатысып, азаматтық таңдауын жасады.
Аудан әкімі Мырзакент кентінде орналасқан №890 дауыс беру учаскесіне барып, сайлаушылармен бірге дауыс берді. Бақыт Асанов учаскеге сайлау басталған алғашқы уақыттардың бірінде келіп, өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдірді.
Дауыс беру рәсімінен кейін аудан әкімі сайлаудың ел өміріндегі маңызына тоқталып, әр азаматтың өз таңдауын жасауы маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Мен еліміздің болашағы үшін, Жаңа Қазақстан үшін дауыс бердім. Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің қоғамдық өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан, әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, сайлау процесіне белсенді қатысуы маңызды деп есептеймін», – деді Бақыт Асанов.
Аудан басшысы сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Сайлаушылардың өз конституциялық құқықтарын еркін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар толық жасалған.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында сайлауға дайындық жұмыстары алдын ала жүргізіліп, барлық 62 дауыс беру учаскесі белгіленген уақытта өз жұмысын бастады. Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыларды қабылдап, дауыс беру процесін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыруда.
Дауыс беру учаскелеріне алғашқы болып келген азаматтарға арнайы естелік сыйлықтар табысталып, олардың азаматтық белсенділігіне алғыс білдірілді.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1278457?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау