САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТАМЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Биылғы басқосу «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды.
 
 
Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Илхам Ибрагимұлы, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, сондай-ақ «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын әрі аудармашы Абай Қалшабек қатысты.
 
 
Кеңес барысында Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысы Айсұлу Қалдықараева «2025–2026 оқу жылында білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» баяндама жасап, ауданның білім беру жүйесінде жүзеге асырылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
 
 
Жиын барысында білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде табанды еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар мен сала қызметкерлері марапатталды. Еңбек озаттарына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Илхам Ибрагимұлы және аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы алғыс хаттар табыстады.
 
 
Тамыз педагогикалық кеңесі – жаңа оқу жылына нақты міндеттер жүктеп, білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындаған маңызды кәсіби алаң болды. Басқосу барысында білім саласы қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен жауапкершілік сараланып, оқушылардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.
 
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1278559?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version