🔹Департамент ұжымымен ағымдағы жұмыс және қызметтік әдеп мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент басшысының міндетін атқарушы Кемалов Б.Б. апталық жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы жұмыс мәселелері, сондай-ақ азаматтардың хабардарлығын арттыру және еңбек қатынастары мен еңбек заңнамасы саласындағы өзекті мәселелерді жедел жариялау мақсатында әлеуметтік желілерді дамыту және жүргізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ұжыммен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік органның беделіне кері әсер етуі мүмкін әрекеттер мен жарияланымдарға жол бермеу мәселелері бойынша әңгімелесу жүргізілді.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, қарапайымдылық пен ұстамдылық танытуға, қоғамға жат мінез-құлыққа және қоғамдық мораль нормаларына қайшы әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1279283?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version