2026 жылғы 24 тамызда Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов Өзбекстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың дуайені, БАӘ-нің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саид Матар Әл-Кемзимен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-БАӘ ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, саяси диалогтың жоғары деңгейін және екіжақты өзара іс-қимылдың оң серпінін атап өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда БАӘ-нің заманауи порттық және логистикалық инфрақұрылымды, оның ішінде Дубай қаласында дамытудағы озық тәжірибесі атап өтілді. Бұл тәжірибе Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін нығайту және халықаралық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі қабылданып жатқан шаралар аясында еліміз үшін практикалық қызығушылық тудырады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1279282?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау