🔹СҚО-ДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР БЕЙІНДІ МАМАНДАРДАН ҚАШЫҚТАН КӨМЕК АЛА АЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мүгедектігі бар балаларды қолдаудың жаңа тәсілін енгізіп жатыр. Жоба аясында бейінді мамандар отбасылармен қашықтан байланысып, балаға қажетті көмек бойынша кеңес береді. Сондай-ақ әр баланың жағдайына қарай жеке ұсыныстар мен тапсырмаларды әзірлейді.

Мамандардың жұмысы арнайы цифрлық платформа арқылы жүргізіліп, баланың нәтижелері де бақылауда болады. Алғашқы кезеңде жобаға 180 балаға дейін қатысады.

Шалғай елді мекендердегі отбасылар үшін жаңа тәсілдің қандай артықшылығы бар? Толығырақ QAZAQSTAN телеарнасының сюжетінде.

https://www.instagram.com/p/DcabxiSKtUG/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1279281?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version