Атырау облысының әкімі полиция департаментінің жұмыс барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Атырау облысы полиция департаментінің жұмыс барысымен танысты.
Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқиғаларға жедел әрекет ету бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
Сондай-ақ, арнайы жасақтың базасын аралап, қызмет барысында қолданылатын арнайы құралдар мен қызметтік автокөліктермен танысты. Бұдан бөлек, департаменттің жаттығу залын көріп, қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіруге арналған жағдайлармен танысты. Оқу-жаттығу тирінің жұмысымен де танысып, полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығына бағытталған жұмыстарды көрді.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полиция қызметінің тиімділігін арттыру, қызметкерлердің кәсіби және дене даярлығын жетілдіру, сондай-ақ заманауи технологияларды қызметте тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1278992?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version