Маңғыстауда «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысының Прокуратурасы, Маңғыстау облысы Полиция департаменті және Мұнайлы аудандық Полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы адам өлімін болдырмау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Іс-шара барысында жол қозғалысына қатысушыларға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері мен прокуратура өкілдері жүргізушілердің жол ережелерін сақтау, мас күйінде көлік басқармау, жылдамдықты асырмау және жаяу жүргіншілерге басымдық беру мәселелері бойынша кеңес берді. Сондай-ақ жүргізушілер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, жолда тәртіп пен өзара сыйластық танытуға шақырады. Есіңізде болсын: Жолдағы әрбір ереже – өмірді сақтау үшін!

https://www.instagram.com/reel/DcWX8zisarQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1279009?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version