Қазақстанда 2027 жылы 45 МВт жаңа қуаттарды енгізу жоспарлануда
▪️Энергетика министрлігі елдің сенімді және үздіксіз энергиямен жабдықталуын қамтамасыз ету, өндіруші қуаттарды ұлғайту және қажетті электр энергиясының резервін құру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.
▪️2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергия қуатын енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС — на жалпы қуаты 210 МВт 5 газ турбиналық қондырғыны, қуаты 160 МВт “МАЭК” ЖШС-де бу-газ қондырғысын, “Баскуат Энергопром” ЖШС жобасының бірінші кезеңін-жалпы қуаты 34,7 МВт 5 газ поршенді қондырғыны, сондай-ақ қуаты 70 МВт “Kazakhmys Energy” ЖШС бу-газ қондырғысын іске қосу көзделген.
▪️Бұдан басқа, қуаты 570 МВт ЖЭК жобаларын іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде Алматы облысындағы қуаты 100 МВт СЭС, Қызылорда облысындағы үш СЭС — 70 МВт, Ақтөбе облысындағы екі ЖЭС — әрқайсысының қуаты 100 МВт, Қызылорда облысындағы ЖЭС — 50 МВт, Түркістан облысындағы ЖЭС-50 МВт, Абай облысындағы екі ЖЭС-жалпы қуаты 100 МВт.
▪️Жаңа қуаттарды іске қосу 2027 жылдың 1 тоқсанында елдің электр энергиясына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. 2027 жылдың соңына қарай шамамен 1,3 млрд кВт·сағ электр энергиясының профицитін қалыптастыру күтілуде.
✔️Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда шамамен 2,6 ГВт жаңа энергия қуаты іске қосылады деп күтілуде. Атап айтқанда, төрт газ электр станциясын іске қосу, жұмыс істеп тұрған екі электр станциясын, сондай-ақ 10 жаңа жаңартылатын энергия көздерін кеңейту жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1279008?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау