Халықаралық жарыстардың жеңімпазы саяси науқанға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауында ақтаулық марафоншы, ұзақ қашықтыққа жүгіруден ішкі және халықаралық жарыстардың жеңімпазы Евгений Хапатько өз таңдауын жасады.

Ол – «Өзіңе сен» қоғамдық қорының мүшесі, «Caspian Marathon» командасының спорттық іс-шараларын ұйымдастырушы, сондай-ақ «Run Club Aktau» жүгіру клубының жаттықтырушысы. Спортшы өз сайлау учаскесіне таңғы жаттығуынан кейін келіп, азаматтық таңдауын жасады.

– Спортта да, өмірде де әрбір таңдау маңызды. Сондықтан ел болашағына бейжай қарамай, әр азаматтың дауыс беруі маңызды деп ойлаймын, – деді Евгений Хапатько.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1279167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version