Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде 2026 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлауы өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Дегенмен, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында қамауға алынған, сот үкімі шықпаған азаматтардың сайлауға құқықтары бар.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес, жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы – Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі тарапынан Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің № 68 мекемесіне барып, Тергеу изоляторындағы №235 дауыс беру учаскесінде азаматтардың сайлау құқығына қол жеткізуіне мониторинг жүргізді.
Қазіргі таңда тергеу изоляторында 278 адам қамауда, оның 205-сінің дауыс беруге қатысуға құқығы бар. Дауыс беру құқығы бар тұлғалар саны, заңды күшіне енген соттың үкімдеріне байланысты күнделікті өзгертілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1279095?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау